2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ негізгі оқиғалары

16 ақпан

«Samruk-Green Energy» ЖШС өзінің күн электр станциясын «ECOJER» қауымдастығының базасында I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін тіркеді.

17 наурыз

Экологиялық мониторинг шеңберінде алғаш рет сынақ режимінде «ЕСМАЭС-2»-де қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Осы жоба шеңберінде келесі жылдары барлық ірі өндірістік компанияларда экологиялық көрсеткіштерді автоматтандыруды енгізу жоспарлануда.

10 мамыр

«Samruk-Green Energy» ЖШС 2022 жылы іске асырылған электр энергиясының көлемі үшін I-REC сертификаттары шығарылды (19 533 Мвтсағ).

11 мамыр

«Самұрық-Энерго» АҚ бес ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі», ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі», ISO 45001 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі», ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі», ISO 37001 «парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» стандарттары бойынша халықаралық сертификаттар алды.

06 маусым

«АлЭС» АҚ мен Қазақстанның Даму Банкі арасында «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша кредиттік келісімге қол қойылды.

09 маусым

Алматы ЖЭО-2 газдандыру жөніндегі жобаны іске асыру үшін «АлЭС» АҚ мен Азия даму банкі арасында 98 млрд теңгеден аспайтын мөлшерде Кредиттік келісімге қол қойылды.

14 маусым

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

27 шілде

2023 жылы Carbon Disclosure Project (CDP) алаңында Компания 2022 жылға арналған ақпаратты екі бағыт бойынша ашты: Климаттың өзгеруі және Су қауіпсіздігі. Ашудың бірінші жылының нәтижелері «D» деңгейінде бағаланды.

20 тамыз

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 15 жылдығына арналған VIII спартакиадада 2-ші орынға ие болды.

21-24 тамыз аралығында

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Берег» жаттығу алқабында және Ш.Шоқин атындағы Қапшағай СЭС — «Самұрық-­Энерго» АҚ басшылығымен «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуларына қатысты. «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ бірлесіп «Жер-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты.

14 қыркүйек

«Самұрық-Энерго» АҚ II жастар форумы өтті.

28 қыркүйек

Орталық Азияда алғаш рет АХҚО жасыл қаржы орталығынан верификациямен «Алматы ЖЭО-3 Қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында «АлЭС» АҚ-ның 236,9 млрд теңге сомасына облигациялық бағдарламасы (SLB — sustainable linked bonds) тіркелді.

07 қазан

Алматы облысы Қарасай ауданының «Қаскелең» ҚС 110/10 кВ «Көкөзек» ҚС-110 кВ 220 кВ АТҚ-ға қосыла отырып пайдалануға берілді».

20 қазан

Fitch Ratings қоғамның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+» деңгейінде растады, сондай-ақ компанияның мемлекеттік қолдау көрсету бағасын «күшті» деңгейден «өте күшті» деңгейге дейін қайта қарады. «Тұрақты» болжамы.

06 қараша

ЕҚДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында борышты реттеу және қолдау көрсету туралы шарт жасалды.

13 қараша

АДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша борышты реттеу және қолдау көрсету туралы шарт жасалды.

30 қараша

ҚДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында» қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша жобалық келісім жасалды.

«АлЭС» АҚ мен Еуразиялық Даму Банкі арасында Алматы ЖЭО-3 Қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды.

14 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару — ESG) қызметінің тиімділігін кешенді зерттеу нәтижесінде 2022 жылы Morningstar Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі ESG — 24,1 балл тәуекел рейтингін берді, бұл Sustainalytics агенттігінің шкаласы бойынша Medium Risk деңгейіне сәйкес келеді.