Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығына шолу
Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласы республика тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станциялардың жиынтығын білдіретін Бірыңғай электр энергетикасы жүйесі жағдайында жұмыс істейді.
Энергетика саласын реттеуді уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан7, оның ішінде ЖЭК саласында да жүзеге асырады8. Электр энергиясын беру және жылу энергиясын өндіру, тарату, бөлу және қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер саласындағы табиғи монополияларды реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүзеге асырады9. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асырады10.
7 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 шілдесіндегі №588-II Заңы.
8 «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 4 шілдесіндегі №165-IV Заңы.
9 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы №204-VI Заңы.
10 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы №125-VI кодексі.
БЭЖ — де электр энергиясын өндіруді негізінен көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары (ЖЭС) жүзеге асырды
71,2%
Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну
115,068
млрд кВт*сағ