Мүдделі тарап­тармен өзара әрекет­тесу

GRI 2-29

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жасау «Самұрық-Энерго» АҚ үшін маңызды. Ашықтық қағидатын басшылыққа ала отырып, біз кездесулерге, талқылаулар мен диалогқа ашықпыз, өзара мүдделерді есепке алуға, компания мен мүдделі тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен тепе-теңдікті сақтауға негізделген мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құруға ұмтыламыз.

Компания қызметінің даму стратегиясы мен жоспарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен басқарушы органның шешімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасы жүзеге асырады.

Біздің мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу басты мақсаты — Компанияның стратегиялық дамуы мен қызметін жетілдіру жолдарын дұрыс таңдау, орнықты даму деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу, онда барлығы: Компания да, оның мүдделі тараптары да, қоғам да ұтады.

Мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу:

  • компанияға және олардың компанияға тәуелділік дәрежесіне айтарлықтай әсер ететін стейкхолдерлерді анықтауға;
  • ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, үміттері мен пікірлерін анықтау және талдауға;
  • қиындықтар мен перспективаларды, сондай-ақ ішкі және сыртқы мүдделі тараптарды толғандыратын маңызды мәселелерді анықтау және талдауға;
  • маңыздылық матрицасын құруды, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспарын және/немесе стейкхолдерлермен Байланыс жоспарын әзірлеуді жасауға мүмкіндік береді.

Мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара әрекеттесу негізгі қағидаттары:

  • мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен қалауларын құрметтеу және ескеру;
  • мүдделі тараптарды уақтылы және жүйелі түрде хабардар ету;
  • қабылданған міндеттемелерді жауапты орындау.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып (АА1000 сериясының стандарты, GRI) тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін Компания компания қызметін басқару процесінің барлық кезеңдерінде барлық мүдделі тараптардың мүдделерін назарға алуға және ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар қағидаттарды қолданады.

Сонымен, біздің стейкхолдерлермен өзара әрекеттесуіміз өзара әрекеттесу үш қағидатына негізделген «қамтылу» қағидатына негізделеді, олардың орындалуы стейкхолдерлермен жан-жақты, өзара тиімді және тиімді өзара әрекеттесуге бағытталған:

  • «маңыздылық» — стейкхолдерлер мен ұйым үшін проблемалардың маңыздылығын дұрыс бағалау;
  • «толықтық» — Компания қызметінің салдарының маңыздылығын түсіну;
  • «ден қою» — тиісті жауапты көрсету.

Біз өз клиенттеріміз бен қызметкерлеріміздің, серіктестеріміздің және жеткізушілеріміздің дамуына, болашағына инвестиция салуға дайынбыз. Компанияның да, жергілікті қоғамдастықтың да тұрақты дамуын қамтамасыз етуге дайын. Біздің қатысуымыздың аумағы үшін маңызды салаларға әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруға. Сыртқы және ішкі сын-тегеуріндерге тиісті және икемді жауап беру үшін барлық тұлғалармен өзара әрекеттесуді дамытуға дайынбыз.

Сондай-ақ, біз «сақтық» қағидатының негізгі ережелерімен бөлісеміз. Компанияның жаңа жобалары мен объектілерін іске қоспас бұрын, қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде, қоғамдық пікірді анықтау және әсерді бағалау процесінде оны есепке алу үшін жоспарланған қызмет және оның ықтимал әсері туралы жұртшылықты хабардар етуге бағытталған бірқатар шаралар міндетті түрде жүзеге асырылады.

«Ашықтық» қағидатын ескере отырып, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде біз жыл сайын жылдық есеп шығарылғаннан кейін жылдық есептілікте ашылған ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығына тексеру жүргіземіз, сондай-ақ компанияның және оның мүдделі тараптарының қызметіне елеулі әсер ететін тақырыптар мен аспектілерді айқындаймыз.

Барлық осындай іс-шаралар «Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлер картасына және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәжірибесіне негізделген стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспарына енгізілген. Жоспар сонымен қатар компанияның мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу қағидаттарын, мүдделі тараптарды сәйкестендіру және талдау тәсілдерін, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу талаптарын, шағымдарды беру және қарау механизмдерін және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу шараларын сипаттайды. Компания жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді, нәтижелері Директорлар кеңесінің назарына жеткізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның БҰҰ жаһандық шартында бекітілген тұрақты даму қағидаттарына негізделген 2022-2031 жылдарға арналған стратегиясы, атап айтқанда, мүдделі тараптардың картасын және өзара әрекеттесу әдістерін/арналарын құруды қамтиды. 2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспарының іс-шаралары толық көлемде орындалды. Жоспарға сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары 2023 жылы қолданыстағы инвестициялық жобалар бойынша стейкхолдерлермен (СӨӘЖ) бекітілген өзара әрекеттесужоспарларына мониторинг жүргізді.

«Самрұқ-Энерго» АҚ мүдделі тараптар картасы

Шеңбердің өлшемі Компанияның стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу дәрежесін көрсетеді. Ең кіші өлшем — өзара әрекеттесудің шектеулі деңгейі. Өлшемі ұлғайған сайын өзара әрекеттесу дәрежесі жоғарылайды.

Мүдделі тараптардың негізгі топтарымен өзара әрекеттесу

Стейкхолдердің Компанияға қатысты мүддесі Өзара әрекет ету механизмдері Өзара әрекеттесудің нәтижелері
Ішкі

Акционер

  • Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражаттар;
  • Нарықтағы үлесі/Нарықтарда болуы;
  • Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту, тұрақты даму қағидаларын сақтау, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін шағымдар мен айыппұдардың болмауы.
  • Жиналыстарға қатысуСамұрық-Қазына» АҚ-ның есепті кезең ішіндегі Қоғамның қызметінің нәтижелері туралы мерзімдік есептілігі;
  • ҚР заңнама талаптарына, Жалғыз акционердің ішкі нормативтік актілеріне, тиісті сұрауларға сәйкес есептілік (қаржылық, қаржылық емес) беру;
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, мүдделі тараптармен кеңестер, келіссөздер, кездесулер өткізу;
  • Медиа-жоспар құру/Қоғамның қызметі туралы ақпарат жариялау;
  • Даму стратегиясының, бизнес-жоспардың, Трансформациялау бағдарламасының орындалуын, инвестициялық жобалардың және тұрақты даму үдерістерінің орындалуын талқылау және т.б.;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Компания тобының қызмет жүргізу мәселелері жөніндегі кездесулер және хат жазысулар;
  • Сұрақ-жауап, сауалнама, тестілеу өткізу;
  • Корпоративішілік коммуникация арналары;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • 2023 жылғы 28 сәуірде «Самұрық-­Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігі KASE платформасында жарияланды;
  • 2023 жылғы 1 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ 2022 жылдың ішіндегі жай акциялар бойынша 2,041 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төледі;
  • Жалғыз акционер мына мәселелерді қарады:
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысына өзгертулерді енгізу туралы — 2023 жылғы 26 қаңтар;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы — 2023 жылғы 10 қараша.
  • Стратегиялық сессиялар:
  • 2023 жылғы 7 ақпанда «Самұрық-­Энерго» АҚ-ның 2023-2032жж. арналған Даму стратегиясын өзектілендіру мәселесі жөнінде Стратегиялық сессиясының отырысы өткізілді. (07.02.2023 ж. хаттама).
  • 2023 жылғы 3 наурызда «Самұрық-­Энерго» АҚ өкілдерімен, Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерімен, Қоғамның Басқарма мүшелерімен, негізгі ЕТҰ-мен өзектілендірілген «Қоғамның 2023-2032 жж. арналған даму стратегиясы» жобасын қарау мәселесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Стратегиялық сессиясының отырысы өткізілді. (03.03.2023 ж. №2 хаттама).
  • «Самұрық-Энерго» АҚ ДК шешімімен (2023ж. 14 сәуірдегі №04/23 Хаттама) Қоғамның Трансформациялау бағдарламасын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Есепті кезең ішінде 9 тыңдалымға қатысты (2023 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін). Барлық кері байланыс арналары бойынша 290 өтініш пен шағым келіп түсті.2023 жылдың ішінде Омбудсменге ресми түрде 37 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша консультациялар өткізілді, жауаптар мен ұсынымдар берілді, Қоғам мен ЕТҰ қызметкерлерімен және басшыларымен жеке кездесулер (сұхбаттар, ақпараттық сессиялар) өткізілді.Жыл басынан бастап барлық кері байланыс арналары бойынша 60 өтініш пен шағым келіп түсті, олардың 3-і қаралу барысында.

Еншілес және тәуелді ұйымдар

  • Жұмысбастылық және еңбекақы төлеу деңгейі, персонал мен басшылықтың өзара қатынастары, кемсітушілікке жол блермеу, алуан түрлілік және тең мүмкіндіктер;
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыту және білім беру;
  • Нарықтағы үлесі/Өнімдер мен қызметтер нарығында болуы;
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс кезінде қолдау, коммерциялық мүдделер.
  • Компанияның ЕТҰ қатысушысы/акционері ретіндегі шешімдері;
  • ҚР заңнамасын және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының ішкі құжаттарын сақтауды тексеру;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерін орындауды тексерулер;
  • Басшылықтың ЕТҰ өндірістік алаңдарын барып қайтуы;
  • ҚР заңнамасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасап шығару;
  • Мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша Компания қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша ақпарат беру;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Бұйрықтар мен өкімдер, Компанияның ЕТҰ менеджментін тыңдауы;
  • Бизнес-жоспардың, өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлардың/міндеттемелердің орындалуы, негізгі қызмет көрсеткіштеріне жетуі жөніндегі ақпарат/есептер және басқа да Компанияға жіберілетін өзекті мәселелер;
  • Тұрақты негізде қызметтің мақсатты көрсеткіштеріне, ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қойылатын талаптарға жету және т.б.;
  • Аппараттық, өндірістік жедел және басқа да кеңестер, инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қоғамдық тыңдалымдарды өткізу;
  • Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі нұсқау берулер, оқыту және білім беру;
  • Өтініштер мен шағымдарға кері байланыс беру/ «жедел желі», әлеуметтік желілер, корпоративішілік коммуникациялар арналары, Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.
  • 2023 жылы барлық ЕТҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, салықтық декларациялаудағы өзгертулер және «жедел желінің» жұмыс тәртібі туралы түсіндірмелері бар 70-тен астам оқыту іс-шарасы өткізілді;
  • 2023 жылдың ішінде «Самұрық-­Энерго» АҚ Омбудсмені Компанияның барлық ЕТҰ-на барып қайтты;
  • 2023 жылдың ішінде Компанияның ЕТҰ бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы — 132 146 млн теңге;
  • 2023 жылдың басында ЕТҰ жастары «Самұрық-Энерго» АҚ жастар челленджіне қатысты;
  • Барлық ЕТҰ-да Қоғам басшыларының, Омбудсменнің, кәсіподақтың, ЕТҰ басшыларының және еңбек ұжымдарының қатысуымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелері бойынша есептік жиналыстар өткізілді;
  • Атқарушы орган мен негізгі ЕТҰ қатысуымен 2023 жылғы 3 наурызда стратегиялық сессия өткізілді, №2 Хаттама;
  • Қоғам басшылығы 2023 жылы барлық өндірістік алаңдарға барып қайтты:
  • «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ:18.01.2023; 27.06.2023; 06.10.2023, 25.12.2023, 31.08.2023; 06.10.2023; 24.11.2023;
  • «Бұқтырма СЭС» АҚ: 28.08.2023, 26.04.2023;
  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: 03.03.2023; 28.09.2023; 24.11.2023;
  • «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 25.01.2023; 01.09.2023;
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС: 02.02.2023; 06.10.2023, 21.12.2023;
  • «Энергия Семиречья» ЖШС: 31.05.2023;
  • «МАЭС-1» ЖШС: 17.02.2023, 04.07.2023, 21.07.2023, 22.08.2023, 20.09.2023;
  • «МАЭС-2 станциясы» АҚ: 17.02.2023, 04.07.2023, 21.07.2023, 22.08.2023, 20.09.2023, 10.10.2023, 11-12.01, 22.05, 20-21.07, 17.08, 22-24.10, 16.11;
  • «Богатырь Көмір» ЖШС: 17.02.2023, 04.07.2023, 21.07.2023, 22.08.2023, 20.09.2023, 20.09, 24.10, 26.12;
  • «АлЭС» АҚ: 17.03.2023, 22.06.2023, 04.07.2023, 18-20.01, 30.06-01.07,10-11.09, 21.08;
  • «Шардара СЭС» АҚ: 02.10.2023, 30,09-02.10;
  • «Мойнақ СЭС» АҚ: 27.10.2023, 05-08.10.
  • 2023 жылы ЕТҰ-ның 2022 жылдың ішіндегі қызметінің қорытындыларын қарау жөніндегі бір кеңес өткізілді;
  • Сондай-ақ ЕТҰ қызметінің қорытындыларын қарау жөніндегі 17 НКжҚБ отырысы өткізілді.

Менеджмент және қызметкерлер

  • Жұмыспен қамту, қызметкерлер мен басшылықтың қарым-қатынасы, кемсітушілікке жол бермеу, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер, қызметкерлердің жұмысқа, сондай-ақ компанияның бақылауындағы қызметтердің жұмысына қанағаттану деңгейі;
  • Оқыту және білім беру;
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.
  • Қызметкерлерді марапаттаудың әділ және ашық шарттары, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, Қауіпсіз еңбек жағдайлары;
  • Кадрлық әлеуетті дамыту;
  • Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламаларын іске асыру;
  • Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;
  • Біліктілікті арттыру, оқыту және персоналды дамыту бағдарламалары;
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұжыммен, ЕТҰ өкілдерімен, кәсіптік Одақпен, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша келіссөздер/жиналыстар өткізу;
  • Қызметкерлерді компания қызметі, корпоративтік сайттар, әлеуметтік желілер арқылы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы хабардар ету;
  • Сауалнамалар, сауалнамалар, тестілеу, персоналды тарту көрсеткіштерінің жыл сайынғы мониторингін жүргізу;
  • «Жедел желі», корпоративішілік коммуникация арналары, компанияның интернет-ресурсы.
  • 2023 жылы қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығындардың жалпы көлемі-­ 440 080 мың теңге;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің жалақы қоры-98 570 478 мың теңге;
  • 2023 жылы кадр резерві/таланттар пулы құрамында 783 қызметкер болды;
  • 2023 жылы үздік жетістіктері үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 266 қызметкері марапатталды.
  • 2023 жылы Жедел желіне 95 өтініш түсті.

Кәсіптік одақтар

  • Жұмыс орындарын құру және сақтау;
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.
  • Қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұжымдардың, ЕТҰ өкілдерінің келіссөздері/жиналыстары, жыл қорытындысы бойынша есеп;
  • Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу;
  • ҚР еңбек заңнамасына сәйкес персоналдың еңбегіне ақы төлеу, оқыту және білім беру, Қауіпсіз еңбек жағдайлары;
  • ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар ету;
  • Компанияның хаттарын (өтініштерін) қабылдау;
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер, корпоративішілік коммуникация арналары;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • Есепті жылы қызметкерлердің 96% ұжымдық шартпен қамтылған;
  • «Жергілікті кәсіподақ» ҚБ «Серіктер», «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізді.
Сыртқы

Мемлекеттік органдар

  • Талаптарға сай болу, бизнестің тұрақтылығы және орнықтылығы, салықтық түсімдер, экономикалық өсу;
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау;
  • Мемлекеттің экономикалық мүдделерін халықаралық аренада ұсыну (мемлекет үшін экономикалық, саяси және имидждік пайдалар);
  • Өндірістің энергия- және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті сақтау үшін қоршаған табиғи ортаны сақтау, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Компанияның ЕТҰ-ның лицензиялық-келісімшарттың міндеттемелерін орындауын тексерулер;
  • ҚР заңнамасын сақтауды тексеру, ҚР заңнамасына өзгертулерді енгізу туралы ұсыныстарды жасап шығару;
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, жер қойнауын пайдалану құқығына мемлекеттік тіркеу актісін келісу;
  • Сұрауларға сәйкес өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелердің орындалуы туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат/есептілік (қаржылық, қаржылық емес);
  • Келіссөздер, іскерлік хат жазысуларды жүргізу, аппараттық, өндірістік, жедел және басқа кеңестер, сауалнама жүргізу;
  • Қоғамның қызметі туралы медиа-жоспар/ақпарат жарияланымын құру;
  • «Жедел желі»;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • 2023 жылы Компания мемлекеттің есебіне 64 308 млн теңге аударды;
  • Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік органдардың жүргізген тексерулерінің жалпы саны — 32;
  • 2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық саласын 2035 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеуге қатысты.

Тұтынушылар

  • Нарықтағы үлесі/Нарықтарда болуы;
  • Өнімдер мен қызметтердің сапасы;
  • Маркетингтік коммуникациялар.
  • Тұтынушылармен кері байланыс жүйесі;
  • Кездесулерді, келіссөздерді, сауалнамаларды жүргізу;
  • Медиа-жоспар құру/Қоғамның қызметі туралы ақпарат жария­лау;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • «Жедел желі»;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • Тұтынушыларға ішкі нарыққа көмір өткізу көлемі — 32,32 млн тонна.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер

  • Конкурстарға қатысуға теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Инвестициялау және сатып алулар тәжірибелері/Санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайдалар;
  • Жеткізілімдер желісінің және құнды құру тізбегінің тиімділігі;
  • Отандық тауар өндірушіні қолдау.
  • Баға ұсыныстары сұрату;
  • Жүйелі талдамалық кездесулерді, келіссөздерді өткізу, іскерлік хат жазысулар;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою, лицензиялау;
  • Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпарат/есептілік;
  • Компанияның қаржы-шаруа­шылық қызметінің қорытындылары бойынша есептілік;
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарау;
  • Сұрақ-жауап, сауалнама, тестілеу өткізу;
  • «Жедел желі»;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • 2023 жылы жеткізушілер мен мердігерлерге төленген төлемдер — 350 498 млн теңге;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-мен жасалатын шарттарға Мінез-құлық кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, лайықты еңбек жағдайлары, сондай-ақ санкциялық тексерулер саласындағы талаптарды сақтау ережелері кіргізіледі.

Бизнес-қоғамдастықтар (Қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ)

  • Салалық стандарттарды жетілдіруге және сақтауға қатысу;
  • Бизнес-ортаны жетілдіруге қатысу;
  • Мемлекеттік органдармен бизнес-ортаның өзара әрекеттесу механизмдері арқылы мемлекеттік органдарда қолдау, Компанияның заңнамалық бастамаларын алға шығаруға қолдау көрсету.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасап шығару;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Жүйелі талдамалық кездесулерді, келіссөздерді өткізу, іскерлік хат жазысулар;
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестерді, келіссөздерді, сауалнамаларды өткізу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • 2023 жылы «Гендерлік теңдік» бағдарламасының шеңберінде Корпоративтік орталық қызметкерлері Компанияның басқарушы органдарында әйелдер үлесін арттыруға бағытталған модульдік оқудан өтті, сондай-ақ KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының өкілдерімен іскерлік кездесуге қатысты;
  • «Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, энергетикалық компаниялар үшін ЕҚТ енгізу мерзімдерін 2025 жылдан 2031 жылға шегеруді ұсыну арқылы мемлекеттік экологиялық заңнамасындағы өзгертулерге бастамашылдық ету бойынша жұмыс жүргізілді.

Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық

  • Өндірістік қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;
  • Өндірістің энергетикалық және ресурстық тиімділік деңгейін арттыру;
  • Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту;
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері, оған қоса:
  • атмосфералық ауа;
  • жерүсті және жерасты сулар;
  • су айдындары түбінің беті;
  • ландшафттар;
  • жерлер және топырақ қабаты;
  • өсімдіктер әлемі;
  • жануарлар әлемі;
  • экологиялық жүйелердің және экожүйелік қызметтердің жай-күйі;
  • биоалуантүрлілік;
  • халықтың денсаулық күйі және өмір сүру жағдайлары;
  • ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар объектілер.
  • Заңнамалық талаптарға сәйкестік, демеушілік және өзге көмек;
  • Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әлеуметтік проблемаларды шешу, Компания қызметінің ашықтығы, қоршаған табиғи ортаны сақтап қалу.
  • Қоғамдық тыңдалымдарды өткізу;
  • ҚР заңнамасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасап шығару;
  • Медиа-жоспар құру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-да жариялау;
  • Сұрақ-жауаптар, сауалнамалар, тестілеу;
  • Компанияның және ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы ақпараттандыру;
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарау;
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер;
  • Компанияның дайын есебі және интернет-ресурсы.
  • Есепті жылдың ішіндегі жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар — 125 млн теңге;
  • «Самұрық-Қазына АҚ Компаниялар тобы Екібастұз қ. тұрғындарына төтенше жағдай — ЖЭО-ғы апат кезінде көмек көрсетті;
  • Жергілікті халықпен бірқатар кездесулер (ашық жиналыстар нысанындағы қоғамдық тыңдалымдар) өткізілді:
  • 2023 жылғы 30 тамызда — «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері жобасы», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» және «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы» бойынша «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;
  • 2023 жылғы 4 қыркүйек — «Алматы электр станциялары» АҚ «ЖЭО-2-ЗТК жылу ортасын толық ауыстырумен қоса қайта құру» ТЭН-не Болуы мүмкін әсерлер туралы есептің жобасы бойынша;
  • 2023 жылғы 24 қараша — «ЖЭО алтын үйіндісін қайта құру және кеңейту 5 кезек» жұмыс жобасына қоршаған ортаны қорғау бөлімінің материалдары бойынша Құрылыс-монтаж жұмыстары. «Алматы электр станциялары» АҚ;
  • 2023 жылғы 19 желтоқсан — 2025-2026 жж. арналған ЖЭО-3 үшін «Атмосфералық ауаға рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» және «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» жобалары бойынша «Алматы электр станциялары» АҚ;
  • 2023 жылғы 7 қыркүйек — ЭТА-1 бойынша электрлік 10-6-0,4 кВ қайта құру және жаңадан салу» ЖСҚ түзету жобалары бойынша. «Электрмен жабдықтауды арттыру үшін артыұ жүктелген және нормативтік мерзімін өтеген КЖ ауыстыру», «ЭТА-6 бойынша электрлік 10-6-0,4 кВ қайта құру және жаңадан салу». Электрмен жабдықтауды арттыру үшін артыұ жүктелген және нормативтік мерзімін өтеген КЖ ауыстыру», «6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ПС-6А, ПС-3А (ПС-168А) ауыстыру (2-кезең) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.

Серіктестер

  • Нарықтағы үлесі/Нарықтарда болуы;
  • Жобаларды бірлесіп іске асыру;
  • Технологиялар, құзыреттіліктер және инновациялар трансферті.
  • Компанияның ЕТҰ қатысушысы/акционері, бірлескен консультативтік-кеңестік органдар ретіндегі шешімдері;
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйым­дастыру, тексерулер жүргізу;
  • Жиналыстар, келіссөздер, іскерлік хат-хабарлар, сауалнамалар;
  • Ағымдағы қызмет туралы есептер;
  • ЕТҰ қызметінің мәселелері бойынша хат жазысуларды жүргізу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • Есепті жылы «Самұрық-Қазына» АҚ серіктестерінің 100%-на «Самұрық-­Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпарат жеткізілді.

Қаржы құралдары

  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражаттар.
  • Қолданыстағы кредиттік келісімдердің талаптарына сәйкес Қоғам туралы есептерді/ақпаратты беру;
  • ҚР заңнамасының талаптарына, Жалғыз акционердің ішкі нормативтік актілеріне, тиісті сұрауларға сәйкес есептілік (қаржылық, қаржылық емес) беру;
  • Медиа-жоспар құру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-да жариялау;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • 2023 жылғы 24 ақпанда ҚДБ Директорлар Кеңесінің отырысында «Қоршаған ортаға әсерді барында азайту арқылы Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасын қаржыландыру мақұлданды;
  • 2023 жылдың ішінде қаржы институттарымен (екінші деңгейдегі банктер, даму банктері, АІХ, рейтингтік агенттіктер) және әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізілді.

Халықаралық ұйымдар

  • Компанияның халықаралық келісімдерге, бастамаларға қатысуы.
  • Конференциялар, форумдар, жыл сайынғы кездесулер;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестерді, келіссөздерді, сауалнамаларды өткізу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • Morningstar Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ зерттеу жүргізді және ESG — 24,1 балл Тәуекел рейтингін берді;
  • 2023 жылғы 20 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+» деңгейінде растады.

Кредиторлар

  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражаттар;
  • Таза активтердің құны (NAV);
  • Инвестициялау және сатып алулар тәжірибелері/Санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайдалар.
  • Жүйелі талдамалық кездесулер мен келіссөздерді жүргізу, іскерлік хат жазысу, сауалнама жүргізу;
  • Медиа-жоспар құру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-да жариялау;
  • «Жедел желі»;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
  • «АлЭС» АҚ мен Азия даму банкінің арасында Алматы ЖЭО газдандыру бойынша жобаны іске асыру үшін 98 млрд теңгеден аспайтын мөлшерде Кредиттік келісімге қол қойылды.

Жергілікті атқарушы органдар

  • Талаптарға сай болу, жұмыс орындарын құру және сақтап қалу, демеушілік және басқа көмек;
  • Еңбекті қорғау және персонал денсаулығын сақтау;
  • Өндірістің энергия- және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Өңірлердің әлеуметтік саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтасу;
  • Еріктілер және қайырмыдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;
  • «Жедел желі», леуметтік желілер;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.­
  • Еңбекшіқазақ ауданы Әкімдігімен және Алматы облысы Әкімдігімен бірлесін «Қуаты 310 Мвт ЖелЭС, СЭС гибридті станциясының құрылысы» жобасының шеңберінде жерлерді қайтару жөніндегі шешімдерді қабылдау үшін жұмыстар жүргізілуде.

БАҚ

  • Талаптарға сай болу, жұмыс орындарын құру және сақтап қалу, өндіріс қауіпсіздігі мәдениеті;
  • Экономикалық пайда және нәтижелілік;
  • Нарықтағы үлесі/Нарықтарда болуы;
  • Өндірістің энергетикалық және ресурстық тиімділік деңгейін арттыру;
  • Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Баспасөз-конференцияларын өткізу, баспасөз-релиздерін ұсыну;
  • Медиа-жоспар құру/Компанияның қызметі туралы ақпарат жариялау;
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер;
  • Компанияның дайын есебі және интернет-ресурсы.
  • "Самұрық-Энерго" АҚ қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде БАҚ өкілдерін шақырады. 2023 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 5 Қоғамдық / жария тыңдау өткізілді;
  • Ақпараттық жұмыс шеңберінде 2023 жылы БАҚ-қа 79 Ақпараттық хабарлама дайындалып, жіберілді, "Самұрық-Энерго" АҚ және оның ЕТҰ өкілдерінен БАҚ үшін 17 сараптамалық пікір дайындалды, 11 баспасөз-туры мен баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды, БАҚ-тың 25 сұранысы бойынша пысықталды;
  • "Самұрық-Қазына" қорының "SK-news" корпоративтік басылымында "Самұрық-­Энерго" АҚ және оның ЕТҰ қызметі туралы 53 материал жарияланды;
  • Қоғамның корпоративтік сайтында өзекті жария ақпаратты орналастыру тұрақты негізде жүзеге асырылады;
  • Есепті кезеңде Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі, "YouTube" хостингіндегі беттерде холдингтің компаниялар тобының қызметі туралы 446 материал орналастырылды;
  • Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-да «Miss Energy-2023» конкурсы өтті — материалдары БАҚ-да жарияланды.

Тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастық

GRI 2-28

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұлттық және халықаралық ұйымдарға/қауымдастықтарға қатысуы

Ұйым Мәртебесі және ену күні
Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (ДЭК) 2008 жылдан бастап мүшесі болып табылады
KAZENERGY қауымдастығы 2009 жылдан бастап мүшесі болып табылады
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) 2011 жылдан бастап мүшесі болып табылады
БҰҰ Жаһандық шарты 2011 жылдан бастап мүшесі болып табылады
ТМД Электр энергетикалық Кеңесі (ТМД ЭЭК) 2012 жылдан бастап бақылаушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚР ҰКП) 2013 жылдан бастап мүшесі болып табылады
«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ 2021 жылдан бастап мүшесі болып табылады
ECOJER қауымдастығы 2021 жылдан бастап мүшесі болып табылады
Қазақстан Цифрлық Энергетика Қауымдастығы Мүшелікке өтінім берілді
Ұлттық ESG клубы 2022 жылдан бастап мүшесі болып табылады