Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру — «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты және жақын болашақта компанияның маңызды міндеттерінің бірі. Корпоративтік басқару нормалары мен қағидаттарын сақтау бізге компанияның басқару органдарының жұмысына тиімді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олардың қызметіндегі тәуекелдерді азайтады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тәуекелдерді басқару жүйесі компанияның негізгі корпоративтік тәуекелдерін анықтауға, бағалауға, басқаруға, мониторингтеуге және бақылауға бағытталған, осылайша оның басшылығы кешенді көзқарас шеңберінде тәуекелдерді ескере отырып, оларды орта және ұзақ мерзімді болашақта барабар бағалай отырып шешімдер қабылдайды.
Компания «үш қорғаныс желісі» моделін қолдана отырып, COSO стандартын ұстанады.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Біз тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі бойынша негізгі трендтер мен тәуекелдерге үнемі талдау жүргіземіз: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік. Сондай-ақ, елдердің төмен көміртекті экономикаға көшу тәжірибесін зерделеп, Энергетика, экология бойынша сарапшылармен үнемі кездесулер өткіземіз.
Тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесіне «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін қолайлы тәуекел деңгейін қамтамасыз ету және тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу есебінен осындай салымдардан барынша көп табыс алу үшін ресурстарды басым бағыттар бойынша тиімді басқаруға және бөлуге мүмкіндік береді.
Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру тәуекелдерге тез ден қоюға, «Самұрық-Энерго» АҚ негізгі және қосалқы бизнес-процестері мен күнделікті операцияларын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті деңгейдегі басшылықты кез келген елеулі кемшіліктер мен жақсарту салалары туралы дереу хабардар етуді жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруды көздейді.
Директорлар кеңесі компанияның негізгі қызмет түрлеріне шектеулерді қамтитын сандық және сапалық көріністегі тәуекел-тәбетін белгіледі. Компанияның тәуекел-тәбетін сақтау мониторингі тоқсан сайын жүзеге асырылады.