Бағалы қағаздар

Акционерлік капитал

Компания қызметінің қорытындысы бойынша 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздар саны 8 602 187 данаға жетті, оның ішінде орналастырылған — 6 311 967 дана.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бір жай акцияның номиналды құны 10 000 теңгені құрады.

Самұрық-Энерго» АҚ акционерлік капиталы

Көрсеткіш 2021 2022 2023
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының
акционерлеріне тиесілі жылдық
пайда, мың теңге
15 046 311 30 867 497 43 080 300
Айналыстағы жай акциялардың
орташа өлшенген саны, дана
5 601 812 5 602 741 5 849 013
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының
акционерлеріне тиесілі акцияға шаққандағы пайда
(теңгеге дейін дөңгелектей отырып)
2 686 5 509 7 365

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (ҚББ) Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте ҚББ бекіткен қағидаларға сәйкес есептелген есепті күнге бір акцияның (жай және артықшылықты) баланстық құны туралы деректер болуға тиіс.

2023 жылғы 31 желтоқсанға шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері негізінде «Самұрық-­Энерго» АҚ компаниялар тобының басшылығымен есептелген бір акцияның (жай және артықшылықты) баланстық құны 100,850 теңгені құрады (2022 жылғы 31 желтоқсан: 93,987 теңге).

Бір акцияның баланстық құны, мың теңге

Көрсеткіш 2021 2022 2023
Барлық активтер 939,820,011 965,846,026 1,088,095,831
Минус: материалдық емес активтер (4,165,145) (3,726,203) (3,414,467)
Минус: барлық міндеттемелер (437,179,560) (432,732,405) (448,121,136)
Қарапайым акцияларға
арналған Таза активтер
498,475,306 529,387,418 636,560,228
31 желтоқсандағы
жай акциялар саны
5,601,812 5,632,537 6,311,967
Бір акцияның баланстық
құны, теңге
88,985 93,987 100,850

Дивидендтік саясат

Біздің дивидендтік саясатымыз жалғыз акционердің мүдделерін сақтау, ұзақ мерзімді құнды ұлғайту, дивидендтер мөлшерін анықтау механизмінің ашықтығы және Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету принциптеріне негізделген.

Дивидендтер мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген компанияның таза табысының сомасына сүйене отырып жүргізіледі.

Дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау үшін Директорлар кеңесі жалғыз акционердің қарауына ұйымның өткен қаржы жылындағы таза кірісін және бір жай акцияға шаққандағы бір жылдағы дивиденд мөлшерін бөлу туралы ұсыныстар береді.

Дивидендтер Жалғыз Акционердің шешімімен белгіленген мерзімде төленеді.

Дивидендтер төлеу, млрд теңге

Кезең Сомасы
2023 ж. (2022 ж. нәтижелері бойынша) 2,041
2022 ж. (2021 ж. нәтижелері бойынша) 2,041
2021 ж. (2020 ж. нәтижелері бойынша) 3,142