«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрылымы

GRI 2-6

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрылымындағы өзгерістер

2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрылымында Qazaq Green Power PLC «жасыл» компаниясын құру аяқталды. Жаңа компанияның жарғылық капиталына «Қазгидротехэнерго» ЖШС жарғылық капиталының 100% және «Жетісу энергиясы» ЖШС жарғылық капиталының 25% берілді.

Сонымен қатар, ЖЭК жобаларын іске асыру шеңберінде компания Altyn Dala Energy Ltd бірлескен кәсіпорнын құру бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. (25%).

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2020 жылдың 11 мамырындағы №20-01-7.11 «коронавируспен байланысты жағдай және дағдарысқа қарсы шаралар туралы» тапсырмасын орындау мақсатында ұлттық компанияларға тиесілі кейбір құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан «Астана» халықаралық қаржы орталығына ауыстыруға қатысты «Самұрық-Энерго» АҚ Forum Muider B.V. (Нидерланды) компаниясын Қазақстан Республикасының юрисдикциясына ауыстыру бойынша іс-шаралар өткізеді. Ол үшін Forum Muider B.V.-ді Forum Muider Limited-ке (Кипр) қосып, содан кейін Forum Muider Limited-ті «Астана» халықаралық қаржы орталығына қайта құру жоспарлануда.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы активтерінің құрылымы

GRI 2-1
image

Көмір компаниялар

Еншілес компаниялар

Forum Muider Limited

50%

Forum Muider B.V.

50%

Немерелес компаниялар

«Богатырь Көмір» ЖШС

100%

«Ресурсэнергоуголь» ЖШҚ

100%