Миссия, құндылықтар мен қағидаттар

Миссия

Тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, акционерлерге баға құру, энергия ресурстарын сенімді жеткізу, жоғары технологиялық даму, экологиялылық арқылы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.

Құндылықтар

Тәлімгерлік

Көмек пен қолдау көрсету, барлық мүдделі тараптармен сенімді ­қарым-қатынас орнату, жинақталған тәжірибені сақтау және беру.

Сенімділік

Үздіксіз және сапалы жұмысты қамтамасыз ету, қоршаған орта мен экология мәселелерінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну, қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау, қабылданған міндеттемелерге адалдық.

Әділдік

Әділдік — кез-келген мәселені шешуде объективті баға беру және әділеттілік, тең талаптар мен мүмкіндіктер, сөйлеу және тыңдау мүмкіндігі.

Кәсібилік

Қойылған міндеттерге адал көзқарас, тиімділікті арттыру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, енгізу.

Қағидаттар

Кәсібилік

Жоғары кәсіпқойлық біздің табысты қызметіміздің кепілі. Біз жеке және кәсіби даму үшін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ете отырып, компанияның әрбір қызметкерінің жайлы жұмысы мен әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасауға ұмтыламыз.

Комплаенс

Ережелерді сақтау бізге ортақ мақсаттармен, мінез-құлық мәдениетімен және дәстүрлермен біріктірілген кәсіпқойлар тобы болуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Біз энергияны өндіреміз және оны қауіпсіз әдістермен жасауға тырысамыз.

Тәуекелге бағытталған тәсіл

Тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын түсінеміз және олардың деңгейін уақтылы анықтауға және төмендетуге бағытталған шараларды қабылдаймыз.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз қоршаған ортаны қорғау және өзара әрекеттесетін қауымдастықтарды құрметтеу арқылы өндірістік қызметті жүргізуге тырысамыз.

Транспаренттілік

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық, диалог, компанияның мүдделері мен мүдделі тараптар арасындағы құқықтар мен ­тепе-теңдікті сақтау.