Адам құқықтарын сақтау
Қазақстан Республикасының энергетикалық секторында атқаратын рөлімізге сүйене отырып, біз еліміздің экономикалық және әлеуметтік ортасының қалыптасуындағы өз рөлімізді түсеніміз. Біз әлеуметтік жауапты іскерлік тәжірибеге, адам құқықтарын құрметтеуге, қызметкерлермен және жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуге ұмтыламыз және мүдделі тараптардың мүдделері мен Компанияның стратегиялық мақсаттарын теңестіре отырып, тұрақтылық қағидаттарын стратегиямыз бен корпоративтік мәдениетімізге біріктіруге тырысамыз.
Қоғамның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары аспектісінде бизнестің жетекші принциптері сияқты халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 шілдедеді шешімімен (№ 24 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ адам құқықтары саласындағы саясаты «Самұрық-Қазына» АҚ барлық салалары мен қызмет орындарында адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс орындарында өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруы үшін теңдей еңбек жағдайларын жасау, кемсітушіліктің барлық түрлерін болдырмау, алуан түрлілік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету үшін құрылған. Осы Саясаттың шеңберінде біз қызметкерлеріміздің құқықтары сақталатын еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеміз.
Компанияның «Самұрық-Энерго» АҚ өзара әрекеттесетін барлық мүдделі таоаптар жағынан халықаралық деңгейінде қабылданған адам құқықтарын қолдаудағы ұстанымы Тұрақты даму саласындағы нұсқаулықта көрсетілген. Біз адам құқықтары мен бостандықтарының сақталатынына кепілдік береміз және адам құқықтарын бұзатын немесе осындай бұзушылықтарға жанама түрде алып келетін әрекеттерге төзбейміз. Қызметкерлерге қойылатын, адам құқықтарын сақтау саласындағы қағидалар мен нормаларды ескеретін кәсіби және этикалық стандарттар «Самұрық-Энерго» АҚ Мінез-құлық кодексінде көрсетілген. Кодексті сақтау барлық қызметкерлер, Директорлар кеңесінің мүшелері, басшылар және Компаниямен бірге жұмыс істейтін үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Біз қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, сондай-ақ оларға жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына, жасына, тұрғылықты мекенжайына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге немесе әлеуметтік топтарға қатысты немесе қатысты еместігіне, сондай-ақ кәсіби біліктілігімен байланысты емес басқа мән-жайларға қарай басымдықпен қарауға жол бермейміз.
Біз Компания қызметкерлері тарапынан да, жеткізушілер мен мердігерлер тарапынан да заңнаманы және ішкі корпоративтік стандарттарды сақтауын талап етеміз. Біз жоғары әдем стандарттарын ұстанамыз және адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік аламыз. Жеткізушілермен қатынастарды нығайту үшін біз корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілікке негізделген жеткізушілерге арналған жетекші қағидаларды әзірледік.
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі аспектілерінің бірі мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу болып табылады. Біз осы саладағы ең үздік практикаларды басшылыққа аламыз және өз қызметіміздің барлық кезеңдерінде барлық тараптардың мүдделерін ескеретін қағидаларды пайдаланамыз. Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу бойынша барлық іс-шаралар «Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу жоспарына» енгізілген (толығырақ «Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуден» қараңыз, «Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлерімен өзара әрекеттесу жоспары» туралы көбірек білу үшін веб-сайтты қараңыз).
Омбудсмен қызметі еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы күрделі мәселелерді шешуге және реттеуге, іскерлік әдем қағидаларын сақтауға, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлеріміздің арасында бейресми коммуникацияларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының имиджін көтеруге қолдау көрсетеді. Есепті кезең ішіндегі барлық өтініштер бойынша консультациялар өткізілді және Компания басшыларына ұсынымдар берілді. Сондай-ақ 2023 жылы еңбек ұжымдарымен бірге Әдеп және мінез-құлық кодекстерінің және комплаенс-саясаттың нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Адам құқықтары саласындағы шағымдар мен өтініштердің кері байланысты қолжетімді болу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «жедел желісі» жұмыс істейді. Адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзулы мүмкіндігі туралы барлық жүгінулер алдымен талданады, содан кейін бағалау нәтижелері Директорлар кеңесіне жіберіледі.
Адам құқықтарының (қызметкерлердің) және халықаралық адам құқықтары стандарттарының сақталуын бақылауды комплаенс қызметі және кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Құқықтар бұзылған жағдайда қызметкерлер Компанияның барлық кері байланыс арналары арқылы жүгіне алады.
2023 жылы қызметкерлерге, мердігерлерге және жергілікті тұрғындарға қатысты адам құқықтарын бұзу жағдайлары байқалған жоқ.
«Самұрық-Энерго» АҚ балалар еңбегін және мәж- бүрлі еңбекті пайдалануға үзілді-кесілді қарсы және мұндай әрекеттермен белсенді күреседі. Бұл қағидалар барлық еншілес ұйымдарға қолданылады және жеткізушілер мен мердігерлерге қойылатын талаптарға енгізілген. 2023 жыл ішінде аталған қағидаттарды және осы саладағы қолданыстағы заңнаманы бұзу деректері тіркелген жоқ.
Саяси қызмет және жарналар
Қоғам қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады. Компания саяси партияларды және саяси қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырмайды және басқа жолмен қолдамайды. Ол сондай-ақ осы сияқты көмек көрсету үшін заңсыз пайда алу мақсатында тікелей немесе жанама демеушілік/қайырымдылық/лоббистік қызметке жол бермейді.
Компанияның осы саладағы қағидалары:
- Қоғамның шоттарын саяси жарналар үшін пайдалануға тыйым салынады;
- Қоғамның ресурстарын (соның ішінде электрондық поштаны) саяси қызмет үшін пайдалануға тыйым салынады;
- Саяси мақсаттағы жарналардың орнына қайырымдылық көмек көрсетуге тыйым салынады;
- Қоғамның қаражатын немесе мүлкін салалық ұйымдар арқылы немесе басқа жолмен саяси партияларға жарналар енгізу үшін пайдалануға тыйым салынады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамда тек саяси үгіт-насихат мақсатында өткізілетін іс-шараларға немесе мерекелерге демеушілік көрсету деректері тіркелген жоқ, саяси партияларға тікелей немесе жанама қысым көрсету жағдайлары орын алған жоқ.