Сыйақы

GRI 2-19

Компания Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесінің Мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Жалғыз Акционердің шешімімен айқындалады, ал сыйақы мөлшері, Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сыйақыларын төлеу тәртібі мен шарттары «Самұрық-Энерго» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметі мен сыйақысын бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындағаны үшін тәуелсіз директорлар жылдық тіркелген сыйақы алады.

Тәуелсіз директорға «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына шығуға байланысты Тәуелсіз директордың тұрақты тұрғылықты жерінен тыс өткізілетін шығыстар (жол жүру, тұру, тәуліктік) өтеледі.

2023 жылы тәуелсіз директорларға сыйақы 38 084 964, 65 теңгені құрады. Тәуелсіз директорлар — Директорлар кеңесінің мүшелері 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша үш адамды құрайды. Басқа төлемдер жоқ.

Басқарма мүшелерінің сыйақысы

Басқармаға сыйақы төлеу «Самұрық-Энерго» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру қағидаларына сәйкес шарттармен және тәртіппен жүзеге асырылады. Бағалау ережелері келесі принциптерге негізделген:

  • Сыйақының компания мен оның акционерінің мүдделеріне сай келетін міндеттерді орындаумен өзара байланысы;
  • Сыйақы мөлшерін айқындау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • Сыйақы мөлшерінің Компания қызметінің нәтижелеріне және қызметкерлердің нәтижелілігіне тәуелділігі.

Атқарушы органның басшысы мен мүшелерін Директорлар кеңесі бағалайды. Бағалаудың негізгі критерийі қойылған тиімділікке қол жеткізу болып табылады.

Негізгі басшы персоналдың сыйақысы қызметкерлердің жалақысын, сыйлықақыларын және басқа да қысқа мерзімді сыйақыларын білдіреді.

2023 жылы негізгі басшы персоналдың сыйақысы 358 800,76 мың теңгені құрады. 2023 жылғы 31  желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның негізгі басқару персоналы — бес адам.