25 қаңтар
|
Пайыздық төлемдерді қысқарту мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ Еуропалық Қайта Құру және даму банкі алдындағы 1,6 млрд теңге сомасындағы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды
|
22 ақпан
|
Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғыртуды өткізуге арналған тендердің бірінші кезеңі аяқталды.
|
08 маусым
|
«АлЭС» АҚ мен Қазақстанның Даму Банкі арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша 117 млрд теңге сомаға кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойылды.
|
09 маусым
|
«АлЭС» АҚ мен Азия даму банкі арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасын іске асыру үшін 98 млрд теңгеден аспайтын мөлшерде Кредиттік келісімге қол қойылды.
|
Азия Даму Банкі Алматы ЖЭО-2 құрылысын қаржыландырады.
|
22 маусым
|
AIX алаңында 1 млрд теңге сомасына «МСЭС» АҚ облигацияларын кері сатып алу жүзеге асырылды.
|
27 маусым
|
«Самұрық-Энерго» АҚ мен Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) арасында «EWP» ЖШС-нің ЕАДБ алдындағы қарызын қайта қаржыландыру мақсатында 6,6 млрд теңге сомасына кредиттік шартқа қол қойылды.
|
2023 жылдың 1 жартыжылдығы
|
МАЭС-1 1 энергоблогын жаңғырту мақсатында 14 млрд теңге сомасына қарыз қаражатын игеру жүзеге асырылды.
|
01 шілде
|
«Самұрық-Қазына» қорынан жарғылық капиталға өзінің қатысуын жабу үшін 24,2 млрд теңге мөлшерінде жарна алынды Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасын қаржыландыру.
|
01 қыркүйек
|
«МСЭС» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның 6,4 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі валюталық қарызын мерзімінен бұрын өтеген. Қаражаттың бір бөлігі AIX биржасында облигацияларды қайта сату арқылы тартылды «Самұрық-Энерго» АҚ пайдасына 1,5 млрд теңге мөлшерінде.
|
28 қыркүйек
|
Орталық Азияда алғаш рет АХҚО жасыл қаржы орталығынан верификациямен «Алматы ЖЭО — 3 Қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында «АлЭС» АҚ-ның 236,9 млрд теңге сомасына облигациялық бағдарламасы (SLB-sustainable linked bonds) тіркелді.
|
20 қазан
|
Fitch Ratings қоғамның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+» деңгейінде растады, сондай-ақ компанияның мемлекеттік қолдау көрсету бағасын «күшті» деңгейден «өте күшті» деңгейге дейін қайта қарады. Болжам «Тұрақты».
|
06 қараша
|
ЕҚДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша борышты реттеу және қолдау көрсету туралы шарт жасалды
|
13 қараша
|
АДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша борышты реттеу және қолдау көрсету туралы шарт жасалды
|
30 қараша
|
ҚДБ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ арасында «қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша жобалық келісім жасалды.
|
АлЭС пен Еуразиялық Даму Банкі арасында Алматы ЖЭО-3 Қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды.
|