Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының көмір өндіруші кәсіпорындары
«Богатырь Көмір» ЖШС
«Богатырь Көмір» ЖШС — Қазақстандағы ең ірі, ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан компания. Кәсіпорын үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде көмір өндірудің 62%-ы және Қазақстанда көмір өндірудің жалпы көлемінің 38,1%-ы тиесілі.
2023 жылдың желтоқсанында «Богатырь» разрезінде циклдік-ағындық технологияның жобамен кепілдендірілген өнімділіктің сағатына 5 500 т сәйкестігіне бақылау сынақтары сәтті өткізілді. «Богатырь Көмір» ЖШС циклдік-ағындық технологиясын пайдалануға берудің мемлекеттік актісіне қол қойылды.
2023 жылдың жетістіктері:
- Циклдік-ағындық технологияның бірінші кезегін (ЦАТ) пайдалануға беру;
- Темір жол көлігімен аршылған жыныстарды тасымалдау процесін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу (темір жол ДБАЖ);
- Отын қозғалысын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЖЖМ ЕААЖ) енгізу.
Бас директор
Корсаков Н.Н.
Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 23
Қызметкерлер
6 144
адамForum Muider B.V. меншік үлесі
100%
Игеріліп жатқан кен орнының қорлары мен географиясы
2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің баланстық қоры шамамен 2,5 млрд тоннаны құрайды, оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша — 1,2 млрд тонна, «Северный» разрезі бойынша — 1,3 млрд тонна.
Компанияның ресми сайты
www.bogatyr.kzКәсіпорынның жеткізу тізбегі
«Богатырь Көмір» ЖШС орташа жану жылуы ~ 4 000 ккал/кг, күлі ~ 43%, ылғалдылығы ~ 5% КАКТМ маркалы көмір өндіреді. Кәсіпорын ҚР ішкі нарығының өндіруші объектілері үшін энергетикалық көмір жеткізеді және Ресей Федерациясына экспортты жүзеге асырады, сондай-ақ ішкі нарықта коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізуді қамтамасыз етеді. ҚР ЖЭС үшін көмірді сату тікелей жеткізу шарттары бойынша, РФ ЖЭС үшін — трейдер арқылы жүзеге асырылады. Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату тауар биржалары арқылы жүргізіледі16.
«Богатырь Көмір» ЖШС 2002 жылдың 29 маусымындағы №975 келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» разрездері шегінде Екібастұз көмір кен орнының көмірін өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына ие. 1970 жылы пайдалануға берілген «Богатырь» разрезі 5,6,9,10 алқаптарында көмір қорын игереді. 01.01.2024 жылы разрездің тереңдігі жер бетінен 300 м-ге жетті (Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 100 м биіктік белгісі).
«Северный» разрезі 1955 жылы пайдалануға берілді, көмір өндіру 1,2,3,4 алқаптарда жүргізілуде. 01.01.2024 жылы разрездің тереңдігі жер бетінен 260м-ге жетті (Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 60м биіктік белгісі).
01.01.2024 ж. жағдай бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің баланстық қоры шамамен 2,45 млрд тоннаны құрайды, оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша — 1,2 млрд тонна, «Северный» разрезі бойынша — 1,25 млрд тонна.
2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Көмірді «Богатырь» разрезінен оның орташалануын және жартылай вагондарға үздіксіз тиеуді қоса алғанда, жер бетіне тасымалдаудың ЦАТ бойынша жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары басталды. 2023 жылы ЦАТ-на көшу жоспарлануда. ЦАТ енгізу көмірді жөнелту бойынша «Богатырь» разрезінің өндірістік қуатын жылына 40,0 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл технология келесілерге мүмкіндік береді:
- Тау-кен жұмыстарын тереңдетудің теріс әсерін азайту;
- Жабдықтар мен технологияларды жаңасына ауыстыра отырып, қолданыстағы өндірісті жаңғырту;
- Тау-кен телімдері шекараларында қорларды игеру тәртібін ұтымды ету;
- Вагондардың айналым уақытын 2,5 есеге азайту және құрамдарды ажыратпай дәл тиеу процестерін енгізу;
- Сапаны бақылауды күшейту және көмірдің орташалануын жақсарту.
«Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндірудің нақты көлемі 2023 жылы 42,93 млн тоннаны құрады, оның ішінде қазба бірліктері бойынша:
- «Богатырь» разрезі — 31,43 млн т;
- «Северный» разрезі — 11,5 млн т.
«Богатырь» разрезінің аршылған жыныстарын тасымалдаудың автокөлік-конвейерлік технологиясына көшудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу» бастамасы жасалды.
16 ҚР Ұлттық экономика министрінің «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығы.
Екібастұз көмір бассейнінің ахуалдық сұлбасы
Қаржылық көрсеткіштер
Көрсеткіш | 2021 | 2022 | 2023 |
---|---|---|---|
Таза табыс/шығын, млн теңге | 23 421 | 30 286 | 26 249 |
EBITDA, млн теңге | 34 666 | 37 425 | 32 911 |
EBITDA Margin, % | 34 | 33 | 25 |
Игерілген инвестициялар сомасы (50%), мың теңге | 14 218 991 | 16 070 953 | 12 368 588 |
Өндірістік көрсеткіштер
Көрсеткіш | 2021 | 2022 | 2023 |
---|---|---|---|
Көмір өндіру көлемі, млн тонна | 44,6 | 42,5 | 42,9 |
ҚР көмір өткізу көлемі, млн тонна | 34,9 | 32,3 | 32,7 |
- Өз ЭС-на | 20,0 | 19,5 | 19,4 |
- Бөгде ЭС-на | 14,9 | 12,8 | 13,3 |
Көмір экспортының көлемі, млн тонна | 9,8 | 10,1 | 9,8 |
ESG көрсеткіштері
Көрсеткіш | 2021 | 2022 | 2023 |
---|---|---|---|
ЛЗ шығарындылары, мың тонна | 4,0 | 4,1 | 3,6 |
Орташа жалақы, теңге | 301 964 | 391 643 | 505 800 |
Өндіру объектілерінде дамыту жөніндегі жоспарлар
2024 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 46 700 мың тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр (оның ішінде қазба бірліктері бойынша: «Богатырь» разрезі — 34,7 млн т, «Северный» разрезі — 12,0 млн т), бұл 2023 жылы көмір өндіру көлемінен 10% — ға артық (жұмыста ЦАТ пайдалануды ескере отырып).
2024 жылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді 500 мың тонна көлемінде өткізу жоспарлануда.