Сатып алу қызметін басқару
Басқару тәсілі
Тұрақты сатып алу жүйесін құру және дамыту біздің компанияның маңызды және басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ол үшін біз құжаттарымызды үнемі жетілдіріп отырамыз, инновациялар енгіземіз, сатып алу процесін автоматтандырамыз және өз қызметкерлерімізді оқытамыз.
Компанияның сатып алу қызметі қағидаттарға негізделген:
- қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
- коммерциялық құпияға өнім берушілердің құқықтарын және/немесе заңды мүдделерін сақтай отырып (тендер қорытындысы шығарылғанға дейін) жайдарлық пен ашықтық;
- адал бәсекелестік және қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
- сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
- егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмесе, отандық тауар өндірушілерді жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілерге қолдау көрсету;
- инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
- заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау.
Компанияның сатып алу қызметін реттейтін құжаттар:
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» ҚР Заңы17;
- «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі18.
Сатып алу рәсімдерін жетілдіруді сатып алу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Өнім берушілермен және әлеуетті өнім берушілермен өзара қатынастар Заңға және тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, шарт жасалғаннан кейін өзара қатынастар азаматтық заңнамамен және шартпен реттеледі. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) сапасына қойылатын барлық талаптар техникалық ерекшелікте және шартта белгіленеді. Шарттар міндетті түрде елішілік құндылық үлесі бойынша есептілікті, айыппұл санкцияларын және өзге де есептерді ұсынуды көздейді.
Сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігінің деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық сатып алулары сатып алу рәсімдерін жүргізуге, есептілікті жинауға, өнім берушілердің бағалауы мен біліктілігіне арналған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу веб-порталында өткізіледі (zakup.sk.kz).
17 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі 2022 жылдың 3 наурызындағы № 193 хаттама.
18 «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 8 маусымындағы №47-VII ҚРЗ Заңы.